Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 380 көлік айыптұраққа қойылды

Павлодар облысында 380 көлік айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ағымдағы жылдың төрт айында түрлі құқық бұзушылықтар үшін арнайы айыппұл тұрағына 380 көлік қойылды. Тек соңғы тәулікте 13 автокөлік қамауға алынды. Олардың ішінде алты жүргізуші мас күйінде көлік жүргізді, үшеуі құжатсыз, тағы төрт адам жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жүргізуші куәлігі мүлде жоқ, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, сағат 23:30-да Н. Назарбаев даңғылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізуші мас күйінде болған “Chevrolet Cruze” автокөлігін тоқтатты, оның мас екенін  медициналық куәландыру қорытындысы растады. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігін (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сол күні сағат 20:30 шамасында Ширяев көшесінде тәртіп сақшылары “Audi 80” автокөлігін тексерді, жүргізушінің басқару құқығы жоқ екені анықталды. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК  612-бабының 2-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру