Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СОБР сапында қызмет еткісі келетін жастар көп

Шымкент қаласының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері Тез әрекет ететін арнайы жасақ инспекторы және полицей-жүргізуші лауазымдары бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сала өкілдері азаматтарға құқық қорғау ведомствалық қызметінің бағыттары, мен аталған конкурс туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, қабылдауда Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, жалақы деңгейі, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы сұрақтарға жауап берілді. 

Тез әрекет ететін арнайы жасаққа қабылдануды армандайтын Камалбек Сайытқожа әлеуметтік желілерден хабарландыруды естіп келген. Бала күннен құқық қорғау саласында жұмыс істеуді армандаған жігіт конкурс талаптарынан сүрінбей өтетініне сенімді. 

– Мен СОБР-ға өту үшін қойылатын талаптар туралы толық білуге келдім. СОБР-ды мен элита деп санаймын. Бұл салада жұмыс істеу үлкен абырой. Жақында спорт мастеріне тапсырамын, сондықтан конкурстан өтемін деп ойлаймын, – дейді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру