Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері 3 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Шымкент полицейлері “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында 3 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық тәртіп органдары басшыларымен кездесу барысында қоғамда заңдылықты сақтауды, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін көтеруді қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты, ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 20-30 қараша аралығында республика көлемінде жергілікті атқарушы органдармен, “Аманат” партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ өкілдерімен , блогерлермен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, волонтерлармен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылым мүшелерімен өзара іс-қимылда “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өтіп жатыр.

Аталған шараның екі тәулігінде тәртіп сақшылары 2722 құқық бұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 234 тұлға, қоғамдық орындарда мас халде жүрген 89 азамат және жол жүру ережесін бұзған 1362 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ мегаполис көшелері мен қоғамдық орындарда тәртіпті күшейту, вандализм, мүлікті бүлдіру, ұсақ бұзақылық, жол үстіндегі заң бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу мақсатында жеке құрам қызметкерлерімен күн сайын рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соған орай полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов жеке құрам қызметкерлері мен еріктілерді, “Аманат” партиясының мүшелерін, блогерлер мен БАҚ өкілдерін шақырып, патрульдік полиция полкінің ғимараты алдында саптық тарату өткізді. Жиынға қатысушыларды өзара бірлесіп жұмыс істеуге, ал тәртіп сақшыларын елге адал, антқа берік қызмет етуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру