Шымкент полицейлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады
Шымкент полицейлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Осы жылдың 26 маусымында 102 арнасына жедел жәрдем қызметкерлерінен қаладағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлім белгілері бар әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған жайтты тергеушілер ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша Әл-Фараби АПБ-ның СДТБТ-ға тіркеген.
Полиция қызметкерлері күдікті ретінде азаматтық некедегі күйеуі, 38 жастағы ер адамды анықтады. Ол тергеуден бойтасалап, ізін суытқан. Күдіктіні іздеуге жеке құрамның барлық жедел тобы жұмылдырылды. Алайда ол тиісті нәтиже бермеді. Бір айдан кейін мамандандырылған соттың шешімімен оған халықаралық іздеу жарияланды.
Бүгін, яғни 27 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сотқа дейінгі тергеу барысында жасалған ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталатын болады.