Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері ІІО-на қызметке орналасу тәртібін түсіндірді

Шымкент полицейлері ІІО-на қызметке орналасу тәртібін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері ішкі істер органдары қатарында қызмет атқаруға ниет білдірген жастарға қабылдау өткізді.

Іс-шара барысында келушілер құқық қорғау қызметінің бағыттары және ішкі істер органдары қатарына жұмысқа орналасу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпараттандырылды.

Сондай-ақ, жоғары білім алғысы келетін жастарға полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіреді.

Қабылдау департаментке қарасты аудандық Полиция басқармаларының фронт-офистерінде өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру