Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері жасөспірімнен ұрланған телефонды тауып, иесіне қайтарды

Шымкент полицейлері жасөспірімнен ұрланған телефонды тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала дәмханаларының бірінде мектеп оқушысының смартфоны ұрланған. Болған оқиға туралы қыздың анасы Еңбекші АПБ-ға хабарлады. Арызданушының айтуынша, ұры 600 мың теңге шығын келтірген. Істі тергеуге анықтаушылар кірісті. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жұмыстың нәтижесінде телефонды қолды еткен азамат анықталып, ұсталды. Ал, гаджет иесіне қайтарылды.

Полицейлердің қызметіне разылығын білдіргісі келген қала тұрғыны полиция департаменті бастығының атына алғыс хат жолдаған. Онда жасөспірімнің анасы анықтаушы Бақдаулет Мұсақұлдың кәсібилігін атап өтіп, қызына тиесілі телефонды қайтаруға көмектескені үшін рақметін жеткізген.

Осы орайда, полицейлер азаматтарды бағалы заттарына абай болып, қоғамдық орындарда барынша сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру