Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жол қозғалысына қатысты 1200-ден астам заң бұзушылық тіркелді

СҚО полицейлері төрт күн ішінде 1200-ден астам жол қозғалысына қатысты бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жедел алдын алу іс-шарасы 5 ақпаннан бастап өткізілуде. Осы күндері облыста жол қозғалысына қатысушылар тарапынан 1282 түрлі құқық бұзушылық анықталған.

Атап айтқанда, тәртіп сақшылары 14 мас жүргізушінің жол жүруін тоқтатқан. Соңғы оқиға – Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болды. Онда ресейлік есепте тұрмаған Mercedes автокөлігін аудан орталығының көшелерімен мас күйінде басқарып жүрген.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлері бар автокөліктерге ерекше назар аударады. Себебі тіркелмеген көлікті пайдалануға тыйым салынған. Жедел алдын алу іс-шарасының 4 күні ішінде заңмен белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралдарын басқарудың 13 фактісі анықталды.

Сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзудың 31 жағдайы анықталды. Бұл апаттылыққа тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтардың бірі. Өткен жылы маневр жасау қағидаларын бұзу 39 жол-көлік өқиғасына себеп болған. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 60 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

– Жол көлік оқиғалары ауыр салдарының ықтималдығын арттыратын бұзушылықтарға да баса назар аударылады. Оларға, мысал ретінде тағылмаған қауіпсіздік белдіктерін жатқызуға болады. 4 күн ішінде апаттық жағдайда өзінің және жолаушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген 163 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Жедел алдын алу іс-шараларының 4 күні ішінде анықталған жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтар: жылдамдық режимін бұзу – 238, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу – 15, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 14 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру