Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді

Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6-12 ақпан аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының “102” арнасына түрлі сипаттағы 6902 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары және т.б.

Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Бұдан басқа, 1197 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -206, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) – 63, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) – 11, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары – 729, 188 –  өзге де құқық бұзушылықтар.

Мегаполистің тәртіп сақшылары құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру