Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мас жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Түнгі сағат 00:30 шамасында полиция қызметкерлері Шардара қаласы көшелерінің бірінен жол жиегіндегі арыққа түсіп кеткен Audi 100 көлігін байқаған. Жүргізушінің жағдайын біліп, мән-жайды анықтамақшы болған тәртіп сақшылары көлік иесінен мастықтың белгілерін байқаған. Содан жол ережесін бұзушы, жергілікті тұрғын медициналық куәландыруға бірден жеткізілді. Зерттеу қорытындысы ер адам ішімдік ішіп көлік жүргізгенін дәлелдеді.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полицейлер жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін Шардара аудандық сотына жолдады. Құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру