Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қалалық ПД-ның бастығы мектеп оқушыларымен профилактикалық жиын өткізді

Шымкент қалалық ПД-ның бастығы мектеп оқушыларымен профилактикалық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың бас полицейі Думан Таев қалалық білім ошағында жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Қаланың бас полицейімен кездесуге 150-ден астам оқушы жиналды. Думан Таев балаларға заң бұзушылықтың ауыр зардаптары туралы түсіндіріп, оларды жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сонымен қатар жасөспірімдерге “Есірткіге жол жоқ” және “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыптары бойынша қоғамдық роликтер көрсетілді.

ПД бастығы оқушыларды тәртіпке, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға шақырды. Олар полицейді қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Қорытындылай келе, ұстаздар қонаққа балаларға дұрыс ақпарат беріп, ағалық кеңес бергені үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру