Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы полициясы “Жас сарбаз” мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодар облысы полициясы “Жас сарбаз” мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында Павлодар облысының полиция департаменті “Қабанбай батыр атындағы “Жас сарбаз” облыстық мамандандырылған мектеп – лицей-интернаты” КММ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, тәрбиеленушілерді жоғары әскери оқу орындарына түсуге кәсіби бағдарлау мақсатында оқушылар жалпы пәндермен қатар бастапқы әскери даярлықтан да өтеді.

– Құқықтық тәрбие мен тәжірибелік сабақтарды облыстық полиция ведомствосының тергеушілері жүргізеді. Меморандум аясында кадеттердің жалпы білім беру үдерісіне қосымша сағаттар енгізілді. Теориялық сабақтардан басқа, оқушылар үшін апта сайын тергеу бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері көрнекі сабақтар өткізеді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Айта кетейік, биыл аталған мектеп-интернаттың бес түлегі Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру