Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері жастар үшін пайдалы кездесулер ұйымдастырып жатыр

Ақтөбе қаласының жастары жауынгерлік жекпе-жек шебері Ардақ Назаровпен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің оқытушысы Алмас Тоқсанбаевпен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлем кубогының иегері А.Назаров өзінің өмірлік тәжірибесімен және кеңестерімен бөлісті. Ол жастарды спортпен шұғылдануға, денсаулығын бақылауға және мақсатқа ұмтылуға шақырды. Оның нұсқаулары патриотизмге, сүйіспеншілікке, даналыққа және ынта-жігерге толы болды.

Сондай-ақ Ардақ Назаров отбасылық құндылықтарға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбекқорлыққа, өзін-өзі жетілдіруге және өзіне сенуге баса назар аударды.

– Өмірде ешнәрсе қиындықсыз болмайды, өйткені еңбек – кез келген мақсатқа жетудің негізгі факторы, – деп атап өтті чемпион.

Кездесудің ең қызықты бөлігі ұлы билеушілердің, жауынгерлердің және көшбасшылардың тарихы мен өмірінен мысалдар болды.

– Біз өз тарихымызды білуіміз керек. Себебі өз тарихын білмейтін халық жойылуға мәжбүр, өткенін білмейтін халықтың болашағы жоқ, – осындай сөздермен спикер Алмас Тоқсанбаев жастарды өз тарихын бағалауға және ұлы адамдардан үлгі алуға шақырды.

Кездесу соңында ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов жастарға патриоттық тәрбие берудегі белсенді жұмысы үшін қонақтарға алғысын білдіріп, оларға үлкен табыс тіледі. Кездесуге еркін форматта 500-ден астам жас қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру