Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласындағы барлық мектептің алдында ювиналды полиция қызметкерлері үш ауысымды кезекшілікке тұрды

Еліміз бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы барлық 147 мектептің алдында ювиналды полиция қызметкерлері үш ауысымды кезекшілікке тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде, жасөспірімдердің қатысуымен бірде бір жол көлік оқиғасы орын алған жоқ. Бастаманың оң нәтижесін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев жоғары бағалап, Қазақстанның барлық өңірлеріне осы жобаны енгізуді бұйырды. Сондай-ақ жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында қала аумағындағы 48 көше қиылыстарында Шымкент ҚПД ППП-нің (Патрульдік полиция полкі) қызметкерлері үш ауысымда қызмет атқарады. Сонымен қатар, 479 бейнебақылау құрылғыларының көмегімен Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері жұмыстарының нәтижесінде бейнебақылау камералары қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтарды және қылмыстарды алдын алуға және ашуға септігін тигізіп жатыр.

2019 жылдың алты ай көлемінде адам денсаулығына орташа мен ауыр санатты 84 қылмыстық іс тіркелсе, оның ішінде адам өліміне әкеліп соққан жол көлік оқиғалары – 30 жайт тіркелген. Ал, 2020 жылдың алты ай көлемінде адам денсаулығына орташа мен ауыр санатты 69 жайт, оның ішінде адам өліміне әкеліп соққан жол көлік оқиғалары – 23 жайт тіркелген.

Қарап отырсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс саны 18 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру