Шымкент саябағында есірткі жасырған күдіктілер қамауға алынды
Шымкент саябағында есірткі жасырған күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері есірткіні таратумен айналысқан күдіктілердің әрекетіне тосқауыл қойды.
Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары екі ер адамның күмәнді әрекетіне назар аударған. Тексеру кезінде олардың есірткі заттарын түрлі орындарға жасырын қалдыру арқылы таратумен айналысқаны анықталды.
Аумақты тексеру және ұсталғандарды жеке тінту барысында сатуға дайындалған психотроптық заттардың 20-дан астам орамы тәркіленді. Сондай-ақ жасырын орындармен бөлісу үшін пайдаланылған телефондар да айғақ ретінде алынды.
Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
