Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқ көпбалалы ананы алдап кеткен

АӘК алуға көмектесемін деген желеумен Шымкентте алаяқ көпбалалы ананы алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданының полиция басқармасына алаяқтық жайты туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған сыйақы үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесуге уәде берген. “Көмегі” үшін азаматша алаяққа 160 мың теңге берген екен. Арада бірнеше ай өткен соң танысы уәдесін орындамаған.
Тергеушілер фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-не тіркеді.

Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында тәртіп сақшылары оның бұдан басқа үш алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық. Күдіктінің арбауына алданғандардың саны артуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды.

Ұсталған 26 жастағы қала тұрғыны осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру