Шымкентте азаматшаны қас қарая тонаған күдікті ұсталды
Шымкентте азаматшаны қас қарая тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мегаполистің Әл-Фараби ауданында түнгі сағат 22:00 шамасында бейтаныс адам жас әйелге шабуыл жасап, оның мойнынан қымбат алтын алқаны жұлып алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Орын алған жайт туралы жәбірленуші полицияға хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, Әл-Фараби АПБ-на жеткізді. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.