Үш күн ішінде Ақтөбе облысында мас күйінде көлік басқарған 23 жүргізуші ұсталды
Жедел жағдайды жақсарту, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, сонымен қатар, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 25-27 тамыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара өткізу барысында полицейлер 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1517 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін – 107, ұсақ бұзақылық – 322, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін – 396, уақытша бейімдеу орталығына – 80 адам орналастырылды, қабылдау–тарату орнына – 16 адам қамалды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1054 фактісі анықталды. Оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарудың – 23, оның ішінде есірткілік масаң күйде – екі фактісі, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың – 291, қарсы жолаққа шығу – 24, қауіпсіздік белдіктері тағылмаған – 311, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 118, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзу – 287 фактісі анықталды.