Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Еңбекші ауданының тұрғындары заңсыз сақталған қаруды полицияға өткізді

Шымкентте Еңбекші ауданының тұрғындары заңсыз сақталған 10 қаруды полицияға өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында өткізіліп жатқан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, аудан аумағында мыңға жуық ақпараттық парақшалар таратылған. Полиция басқармасына тұрғындар тарапынан 10 қару-жарақ пен оқ дәрілер өз еркімен тапсырылған.

– Мен өзімнің үйдегі ескі тіркелмеген МС-12-21 бір ұңғылы және ТОЗ-Б 16 калибрлі қос ұңғылы екі қаруымды осы науқан туралы естігенде бірден келіп өткіздім. Заңсыз үйде қарудың болғаны өте қауіпті. Себебі кішкентай балаларымыз бар, қорқамыз. Оны қалай тапсырарымызды білмей, еш сәті түспей жүрді. Ал осы ақпараттық парақшаны көргенде бірден ойланбастан келіп, қуана өткіздім. Есесіне мемлекет тарапынан сыйыақы алатын боламын, – дейді жергілікті тұрғын Ғалымжан Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру