Шымкентте карантин режимін бұзудың мыңға жуық жайты анықталды
Шымкентте карантин режимін бұзудың мыңға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД жұмыс тобы Шымкент қаласының Бас мемелекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысының 6-тармағына сәйкес өз жұмысын қайта бастаған нысандарына мониторинг жүргізілуде.
Полиция департамент қызметкерлері – рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, мониторингтік топ құрамында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайды, тіркейді және әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларға береді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап 02 наурыз аралығында барлығы анықталаған карантин режимін бұзудың – 953 жайты анықталды.
Оның ішінде:
Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 251;
Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 58;
Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 116;
Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 478;
Басқа да орындарда – 50.
Барлығы анықталған құқық бұзушылықтардың іс-құжаттары Шымкент қаласының аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына өткізілуде.