Шымкентте карантин режимінің 800-ге жуық бұзушылығы анықталды
Шымкентте карантин кезінде режим бұзған 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бап бойынша – 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Ал мониторинг топтармен – 583 бұзушылық анықталды.
1. Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекірлік конторалар – 167;
2. Шаштараздарда, массаждык салондарда, монша, сауна, әсімдік салондарда – 36;
3. дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда, т.б. – 206;
4. Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 92;
5. Басқа жерде – 102 бұзушылық анықталды.
Бұдан бөлек 201 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде анықталды.
Онымен қоса 177 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.Барлығы іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.