Шымкентте карантин тәртібін бұзған көңіл-көтеру орындары анықталды
Шымкентте карантин ережелерін елемеген нысандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің пандемияға байланысты белгілеген шектеулерінің талаптарын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған бірқатар көңіл көтеру орындарын анықтады.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы Бәйдібек би көшесінде орналасқан «Мариям» ойынханасының, Қазыбек би көшесі № 30 үйде орналасқан «FC» ойынханасының, Володарский көшесінің бойында орналасқан «Гүлдер», «Азиза», «Күләш» дүкендерінің, Түркістан көшесінің бойында орналасқан «DELISE» дәмханасының, Диваев көшесінде орналасқан «Мир Здоровья» дүкенінің, Бәйтереков көшесінің бойында орналасқан «Шефбургер», Дулати көшесіндегі «Магнит»дәмханасының карантин талаптарын бұза отырып, жұмыс істеп тұрғаны анықталды.
Аталған нысандар бойынша жиналған материалдар шара қабылдау үшін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.