Шымкентте пәтер алаяғы ұсталды
Шымкенттік полицейлер танысын алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны пәтер сатамын деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен, пәтердің алғашқы жарнасы ретінде 3 миллион теңге ақша қаражатын алып, осы күнге дейін аталған пәтерді ресімдемей, қашып жүрген танысына қатысты шағымданған.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 – бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
22 жастағы күдікті ұсталып, қылмысын мойындады.