Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте патрульдік полицейлер арасында түсіндірме дәрісі мен саптық байқау өтті

Шымкентте патрульдік полицейлер арасында түсіндірме дәрісі мен саптық байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қатардағы сақшылардың білім деңгейін арттыру және олардың қызметке қабілеттілігін пысықтау мақсатында патрульдік полиция полкінде командирдің міндетін атқарушы Бақытжан Нәбиевтің жетекшілігімен “Integrity check” жобасын түсіндірме дәрісі өтті.

Жиын барысында патрульдерге парасаттылық, қызметке адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет туралы сөз қозғалып, аталған жобаның бүгінгі таңдағы нәтижелерімен нақты мысалдар келтірілді.

Бір сағатқа созылған маңызы зор дәрістен соң Шымкент қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдрамановтың қатысуымен саптық байқау өтті.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдайларда шұғыл әрекет етіп, адам тағдыры қыл үстінде тұрса құтқару жабдықтарын өз пайдасына жарата білуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел іс-қимылдарға әрқашан сақадай сай болуы тиіс.

Осы мақсатта үш ауысымдық кезекшілікке түсетін тәртіп сақшыларының қызметтік құрал-жабдықтары мен құжаттары, нысанды киім үлгісі жіті тексеріліп, кемшіліктерді түзету үшін басшы құрамға тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру