Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер оқушыларға қала тіршілігін бейнекамералар арқылы бақылауға мүмкіндік берді

Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларына қала тіршілігін бейнекамералар арқылы бақылауға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шара “Абайлаңыз – балалар” акциясы аясында өткізілді. Оқушылар полиция департаментінің жедел басқару орталығында болып, қала көшелеріндегі қозғалысты бейнебақылау камералары арқылы көрді.

Мұндағы басты мақсат – жасөспірімдерді құқықтық ақпараттандыру, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақыру.

Тәртіп сақшылары балаларға шаһардағы көлік қозғалысын, мектептер мен саябақтардың жай-күйін және автобустардағы камералар мен “SOS” батырмасының қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Сонымен қатар оқушыларға құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы ескертіп, полицияның цифрландырылған қосымшаларын таныстырды.

Шара барысында мектеп шәкірттері полицейлерге өздерін қызықтырған сан түрлі сауалдар жолдап, толыққанды жауабын ала алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру