Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жоғалған баланы 15 минутте тапты

Шымкентте полицейлер жоғалған баланы 15 минуттың ішінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласындағы “Арбат” демалыс орнында қыдырып жүрген отбасы кенеттен кішкентай баласының сол маңайдан алыстап, көзден таса болғанын байқайды. Баланың жоғалып кеткені бойынша Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын жеткізген.

Дәл сол сәтте сол аумақта қызмет атқарып тұрған Патрульдік полиция полкінің туристерге қызмет көрсету взводының қызмет инспекторы Дияна Рустамқызы жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы ойын алаңдары мен бейнебақылау камераларын қарап, іздеуге кіріскен. Полиция қызметкерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде, бүлдіршін 15 минут ішінде табылған.

Өз кезегінде, полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру