Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Қорғау” бағдарламасымен жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі 218 көлік анықталды

Шымкентте “Қорғау” бағдарламасымен жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі 218 көлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте “Қорғау” бағдарламасы жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі 218 көлікті анықтады. Бұл көліктер жалпы сомасы 16,5 млн теңгеге 979 жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша тіркелген. Мәселен, тәртіп сақшылары көшелерді патрульдеу кезінде “Қорғау” қосымшасы арқылы сақтандыру құжатынсыз жақын маңда келе жатқан Daewoo Nexia машинасы туралы сигнал алады.

Сонымен қатар, бағдарлама шетелдік нөмірі бар көліктің алдыңғы бұзушылықтары үшін төленбеген айыппұлдары бар екенін көрсетті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) хаттама толтырды. Ал автокөлігі айыптұрағына орналастырылды.

Айта кетейік, “Қорғау” қосымшасының көмегімен патрульдік полицейлер оны қолданысқа енгізген сәттен бастап мегаполис жолдарында 3 945 құқық бұзушылық жасаған 890 автокөлікті анықтады.

Аталған құқық бұзушылықтардан басқа бағдарлама полицейлерді жалған нөмірлері бар, техникалық байқаудан өтпеген, 10 минут ішінде екі рет ЖҚЕ бұзған көлік құралдары туралы хабардар етеді, сондай-ақ іздеуде жүрген автомобильдерді анықтайды. “Қорғау” қосымшасы ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру