Шымкентте «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бетперде таратылды
«Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен медициналық бетперделерді тарату бойынша акция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған акцияда полиция қызметкерлері «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен бірлесіп Шымкент қаласының Көші-қон қызметі орталығында азаматтарға «116 16» адам саудасына қарсы күрес бойынша сенім телефонының логотипі бар медициналық бетперделерді және парақшаларды таратты. Аталған акцияның мақсаты адам саудасының құрбандарын, әсіресе осал топтардың арасында мәжбүрлі еңбектің шетелдік құрбандарын анықтау бойынша күштерді едәуір дамыту және оларды көмек көрсететін ұйымдарға жолдау болып табылады.