Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мемлекет тарапынан үй алуға көмектесемін”: шымкенттік алаяқ тұрғынды алдап кетті

Шымкентте тұрғынды алдап кеткен алаяқтың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың тамыз айында азаматша мемлекет тарапынан үй алуға көмектесемін деп уәде етіп, қала тұрғынынан 350 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алған. Алайда ол уәдесін орындамай және ақшасын қайтармаған.

Аталған факті туралы жәбірленуші Қаратау ауданының Полиция басқармасына хабарлаған. Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша іс тіркелді.

Жедел әрекет ету нәтижесінде 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру