Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: сериялық “терезешілер” алматылықтарды пәтерлердің терезелері арқылы тонады

Осы мақсатта оңай ақшаны ұнататындар екінші қабаттан жоғары емес жерде орналасқан үйлерді іздеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біз бұған дейін мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Алматы облысының екі тұрғыны туралы айтып отырмыз. Оларды тек қолма-қол ақша, мех және алтыннан жасалған бұйымдар қызықтырды. Келесі және соңғы қылмысты екі қаскөй кешкі сегізден кейін жасаған. Терезеден олар Байсейітова көшесіндегі 47-үйдің пәтерлерінің біріне кіріп, сол жерден тон және алтын ұрлап алған. Күдіктілердің екеуі де қамауға алынды. Тергеудің осы кезеңінде олардың шаһардағы 25 пәтер тонауға қатысы бар екендігі дәлелденді. ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін қылмыстық эпизодтардың саны артуы мүмкін. Осыған байланысты ұсталғандардың жеке басы ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Бостандық аудандық Полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру