Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да демалыс күндері жануарлардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды

Солтүстік Қазақстан облысында жануарлардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенбі күні таңертең Қызылжар ауданының Знаменское ауылы маңында бұлан “КАМАЗ” автомашинасының астына түсті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік астына түскен жануардың аяқтары сынған. Астық тасып жүрген жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі болған жағдай туралы “102” арнасына хабарлады. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде жаралы жануар өліп қалған. Полицейлер оны ветеринария қызметінің мамандарына тапсырды.

Айыртау ауданындағы Айыртау ауылына жақын жерде сенбіден жексенбіге қараған түні кенеттен жолға жүгіріп шыққан жылқы жол-көлік оқиғасының орын алуына себепші болды. Нәтижесінде ВАЗ-21015 автомашинасының 35 жастағы жүргізушісі жануарды басып кетті. Жүргізуші мен 18 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Учаскелік полиция инспекторымен жылқының иесі анықталып, ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Өкінішке орай, жабайы жануарлар да, үй жауарлары да жол-көлік оқиғаларының жасалуына себепші болып жатады. Кенеттен жолға жүгіріп шығып, жүргізушілер үшін үлкен қауіп тудырады. Бұндай жағдайларда қырағылық пен жылдамдық режимін қатаң сақтау ғана жол-көлік оқиғасының алдын алады. Бірақ бұл да соқтығысып қалудан сақтамайды, дегенмен апаттың ауыр салдарын барынша азайтады, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру