Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте суицидтің алдын алған тәртіп сақшылары марапатталды

Шымкентте суицидтің алдын алған тәртіп сақшылары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Думан Таев жергілікті тұрғынды суицидтен құтқарып қалған патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Нұржан Айдаров, Жанәділ Ғазизұлы, Болат Ажмухан мен взвод командирі Нұрғиса Мошкаловты марапаттады.

Қаланың бас полицейі тәртіп сақшыларының шұғыл әрі батыл әрекет жасап, адам өміріне араша түскенін мақтан етіп, оларға адал қызметі үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, патрульдік полицейлер 24 қараша күні кешкі уақытта көпқабатты үйдің 11-қабатынан секіруге оқталып тұрған жергілікті тұрғынды құтқарып қалған болатын.

– Мұндай сәттерде әр секунд маңызды, сондықтан біз жедел әрекет етуіміз керек. Қайғылы оқиғаларды болдырмау, құтқару және көмектесу – біздің азаматтық борышымыз, – дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру