Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тәулік ішінде көлік терезесін күңгірттеудің 70-ке жуық жайты анықталды

Шымкентте тәулік ішінде көлік терезесін күңгірттеудің 70-ке жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген Ваз маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан. Яғни терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) хаттама толтырған. Осыдан соң полицей жүргізушіге терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын қадағалап, қандай да бір орын алуы мүмкін жол апатының алдын алған.

Шымкент қаласының полицейлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Өткен тәулікте атқарылған жұмыс барысында күңгірттеу (тонировка) бойынша – 66 дерек анықталған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – автокөліктің терезесін күңгірттеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру