Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тәулік ішінде терезесі күңгірттелген 80 автокөлік анықталды

Шымкентте тәулік ішінде терезесі күңгірттелген 80 автокөлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазанда Бәйдібек би даңғылының бойында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген ВАЗ маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан. Яғни, терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқарғаны үшін 5 АЕК айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ өткен тәулікте жол үстінде терезесі күңгірттелген көлік жүргізушілерінің 80 жайты анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру