Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Жамбыл облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, – деп  хабарлайды Polisia.kz.

15 қазан таңғы сағат 07:20 шамасында жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолының 6-шақырымында Audi-B4 маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына бағыт алып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2104 маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында көз жұмып, 6 адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптамалар реті тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру