Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғын танысының көлігін заңсыз сатып жіберді

Шымкентте тұрғын танысының көлігін заңсыз сатып жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 сымтетігіне жергілікті қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында танысы BMW маркалы автокөлігін қолдануға сұрап, сыртынан рұқсатсыз рәсімдемеп, сатып жібергені туралы көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құраған.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтады. Оның бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру