Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғынның қалтасынан есірткі табылды

Шымкенттік тұрғынның қалтасынан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.1 желтоқсан күні сағат 21:20 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай АПБ учаскелік полиция инспекторлары патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірге бекітілген әкімшілік аумақта патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқады.

Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетке оралған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас заты анықталып, тәркіленіп алынды.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласының тұрғыны анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексерілуде.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру