Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Тыныш қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 13 қазанынан бастап «Тыныш қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – тыныштықты бұзу жайттарына жол бермеу, оның ішінде рұқсат етілген шу нормаларын асырған немесе өңделген газдарды шығару жүйесіне өзгерістер енгізілген көлік құралдарын қолдану мәніне тексерістер жүргізу және жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау.

Қазіргі таңда автокөлік және мотокөліктердің дыбыс қаттылығының деңгейі Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қолданысындағы арнайы шу өлшегіш құралы (шумомер) арқылы тексеріліп, 10 құқық бұзушылық жайты анықталған. Нәтижесінде жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 22 қазанына дейін жалғасып, тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруда.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері жол қозғалысының қатысушыларына ескертеді: осы тәрізді олқылықтарға жол бермеңіздер. Сонымен қатар, көлік басқарғанда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру