Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздарына интернет-алаяқтық туралы ескертілді

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздарына интернет-алаяқтық туралы ескертілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Азамат Мырзахметов 6506 әскери бөліміне барып, жас сарбаздармен жиын өткізді.

Алдымен ұлттық ұландықтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Содан кейін негізгі мәселеге назар аударып, жастарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырды. Өкінішке орай, қазіргі таңда тез сенгіш адамдар интернеттегі алаяқтардың айласына түсіп, жылдар бойы жинаған қаржысы мен басындағы баспанасынан да айырылып қалып жатқанын жеткізді.

– Аз уақыт ішінде жеңіл жолмен келген ақшаның адалы болмайды. “Салым салып, ақшаңды еселеп ал” деген жарнамаларға сенбеңіздер. Интернеттегі көлік сату, үй сату, тұрмыстық техника мен күнделікті өмірге қажет тауарларды сататын кәсіпкерлерге алдын ала төлем жасауға асықпаңыздар. Мессенджер арқылы бейтаныс нөмірмен “туысыңмын, танысыңмын” деп ақшалай көмек сұраған адамдарға да бірден сенбеген жөн. Мән-жайды нақтылап алыңыздар. Өйткені мұндай істердің артында алаяқтар тұруы бек мүмкін, – деді Азамат Мырзахметов.

Бұған қоса, банк қызметкерлері мен құқық қорғаушылардың атын жамылып, жасалатын алаяқтық әдісі туралы да ескертіп, сарбаздарды барынша сақ болуға үндеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру