Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды

Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында “Сергек-қорғау” қосымшасының көмегімен жалған мемлекеттік нөмір таққан ВАЗ-21014 автокөлігін байқады. Жүргізушіні тоқтатып, тексеру барысында белгілі болғандай, азамат ресейлік нөмірді қазақстандық нөмірге ауыстырып алған.

Аталған жайт негізінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері , жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі “Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару” бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жиналған материалдарды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Сондай-ақ, “Сергек-қорғау” қосымшасы енгізілген сәттен бастап мегаполис жолдарында 123 964 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалған МТНБ-мен автокөлік жүргізген 62 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру