Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер анықталды

Павлодарда жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 4413 жаяу жүргінші жол ережесін сақтамаған.

– Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы санының 137 мыңнан астамы жол қозғалысы ережелерін бұзудың негізгі үлесін құрайды – 90 433. Бұзушылықтар Павлодар қаласы ПБ Жедел басқару орталығының камераларымен де тіркеледі, – деп хабарлады Павлодар қаласы Жедел басқару орталығының аға инспектор-кезекшiсi Қуралай Мугадилова.

Мәселен, Павлодар қаласындағы С.Торайғыров көшесіндегі автовокзал ауданында ЖБО камераларымен жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілер анықталды, осылайша жүргізушілер үшін авариялық жағдай туындады. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру