Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы тұрғындармен кездесті

Шымкентте Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ерғали Сүлейменов пен Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Тленшин Достық шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

«Мемлекет Басшысы өз Жолдауында учаскелік инспекторлардың беделі мен мәртебесін көтеру жөнінде айтты. Бұл учаскелік полицейлердің де жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз. Олар өзіне бекітілген аумақтың ахуалымен жақсы таныс болуы керек. «Қолжетімді полиция» қағидасы бойынша жедел әрі сапалы қызмет атқаруы тиіс, – деді Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерғали Сүлейменов жиын барысында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру