Із-түссіз жоғалған түркістандық оқушы Шымкент қаласынан табылды
Түркістанда үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 14 жастағы қыз Шымкент қаласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласының Полиция басқармасына 14 жастағы жастағы қызының үйінен шығып кетіп, оралмағаны туралы жергілікті тұрғын хабарласқан.
Қыздың туыстары бастапқыда қызды өз беттерімен іздегені белгілі болды. Нәтиже болмағандықтан полицияның көмегіне жүгінген.
Полиция қызметкерлері жоғалған сегізінші сынып оқушысын табу үшін жеке құрамды түгел жұмылдырып, іздеу жұмыстарын бастайды.
Қарқынды жүргізілген іс-шаралар барысында кең көлемді іздестіру ұйымдастырылып, қыздың әлеуметтік желіде жігітпен танысып, Шымкент қаласына өз еркімен қыдырып кеткендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары жоғалған қызды Шымкенттен тауып, аман-есен үйіне жеткізді.