Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жұмысқа орналасамын деген тұрғын ақшасынан айырылды

Шымкентте жұмысқа орналасамын деген тұрғын ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жұмыс іздеп, табыс табуды көздеген азамат алданып, алаяқтық жайтына тап болды.

26 қаңтар күні Қаратау АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны жүгінген. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «Қызылорда қаласындағы мекемелердің біріне автокөлік жүргізушісі етіп жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, алдын ала 300 мың теңгесін алып, бір ай бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Ол Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Жоғары білімді, жұмыссыз.

Қазіргі кезде ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру