Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны бас бостандығынан айыру орнына есірткі кіргізбек болған

Павлодар тұрғыны бас бостандығынан айыру орнына есірткі кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері 45 жастағы әйелді ұстады. Ол бас бостандығынан айыру орнында отырған жұбайына тапсыру пункті арқылы синтетикалық заттары бар байлам мен тамшуырды беруге тырысқан.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер әйелдің сыбайласымен бірге облыс орталығының аумағында синтетикалық есірткі орамаларын дайындағанын анықтады. Күдіктілер есірткі заттарын заңсыз сатқан интернет-дүкенде жұмыс істеген, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер 35 жастағы сыбайласын да қолға түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел көтерме курьер болған және есірткінің үлкен партияларын кішігірім партияларға бөліп, жасырын орындарға қойып кетіп жүрген.

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында, жалдамалы пәтерде жедел қызметкерлер 25 жиынтықты тауып алып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 50 грамнан асатын синтетикалық есірткі, сондай-ақ электрондық таразылар, орау материалдары, банк карталары және бірнеше ұялы телефондар болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру