Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік әйел құрбысының қомақты қаржысын ұрлап кеткен

Шымкенттік әйел құрбысының қомақты қаржысын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2022 жылдың 26-қаңтарында, сағат 20:30 шамасында орын алған. Қаржыдан қысылған әйел құрбысының қалтасына қол салып, қылмыс жасаған.

Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол өз арызында, кешкі уақытта жұмыстан үйіне келген кезінде, дәліздегі шкафта ілініп тұрған қара түсті күртешесінің қалтасынан 400 мың теңге қаражатының ұрланғанын жазған. Және сол күні пәтеріне өзінің құрбысы ғана қонаққа келгенін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің “ізін суытпай”, бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, бұл заңсыз әрекетке баруына қаржы тапшылығы ғана емес, екеуара бас араздығы себеп болғандығын жеткізді. Күдікті уақытша жұмыссыз 40 жастағы әйел. Бұрын-соңды істі болмаған.

Қазіргі кезде келтірілген шығын толығымен өтелді. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру