Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда супермаркеттердің бірінің қызметкерлері 6,6 млн теңгені жымқырып кеткен

Қарағандыда супермаркеттердің бірінің қызметкерлері 6,6 млн теңгені жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы Киров полиция бөліміне қалада орналасқан супермаркеттердің бірінің иесі арызбен шағымданған. Кәсіпкер, полиция қызметкерлеріне кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында 6 млн 600 мың теңге ақша жетіспеушілігін айтқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабына (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сол мекемеде жұмыс істеген, ақша жымқырды деген күдікпен 18 бен 33 жас аралығындағы жұмыскерлер анықталды. Оның ішінде супермаркет әкімшісі мен төрт кассир болған. Олардың былтырғы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айы аралығында саудадан түскен 6 млн 600 мың теңге ақшаны қалталарына басқаны белгілі болды. Күдіктілер мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру