Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицей қыз Азия кубогынан қола медаль жеңіп алды

Шымкенттік полицей қыз Азия кубогынан қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының 6-12 күндері аралығында Ақтау қаласында Азия кубогы үшін спорттық жарыс жалғасуда. Қатысушылар “Ересектер мен әйелдер арасында самбо күресінен және әскери самбо” спорт түрінен өзара бақ сынап, сайысқа түсіп жатыр.

Ауқымды жарысқа Азия кубогынан үміткер 13 мемлекеттен келген 500-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде, Түркіменстан, Әзірбайжан, Корея елінің мықтылары бар.

Ал Қазақстанның намысын қорғау үшін “Әскери самбо” спортынан 50 келі салмақта Шымкент қаласы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет тартысқа түсті.

Қарсыластарына намысты қолдан бермей, шын мықты екенін дәлелдеп жүлделі 3-орынға жайғасты. Азия елдері арасында қазақ қызының қайсарлығы мен қайтпас мінезін көрсеткен Қымбат жеңісін өз еліне арнайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру