Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер болуы мүмкін жол көлік оқиғасының алдын алды

Шымкенттік полицейлер болуы мүмкін жол көлік оқиғасының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығындағы түнгі кезекшілердің назарын Рысқұлов көшесіндегі дүкендердің бірінің алдында тұрған LADA Granta көлігінің жүргізушісі мен жолаушының мінез-құлқы аударды. Олар аяқтарынан әрең тұрып, құлап қала жаздаған. Алкогольге қатты мас болғанына қарамастан, ер адам рөлге отырып, тағы бір бөтелке ішкеннен кейін көлікті басқармақ болған.

Машина дер кезінде тоқтатылды. Патрульдік полицейлер шұғыл жетіп, оның жолын бөгеп, орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алды.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Енді ол алдағы 7 жылда көлік жүргізе алмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру