Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін тікелей эфирде бұзған: тараздық полицейлер заң бұзушыны ұстады

Таразда полицейлер ТикТок әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.  

Мәселен жуырда Тик Ток әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде тараздық жас жігіт көліктің рөлінде отырып, алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөз сөйлеген. Содан соң ол автокөліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, қала ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген. 

Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығының камераларының көмегімен полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісін анықтады. 

24 жастағы азаматқа қатысты көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірсіз, сақтандыру полиссіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік  хаттамалар толтырылды. 

Құқық бұзушы енді айыппұл төлейтін болады және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Оның көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру