Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер мереке қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуантты

Шымкент қаласы Полиция департаменті №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар үлестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері 2019 жылдың басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қамқорлығында. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың бастамасымен полицейлер балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуда. Биыл 9-сыныпты бітірген №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері С.Фролов пен Т.Селезнев С.Рахимов атындағы Шымкент республикалық “Жас Ұлан” әскери мектебіне оқуға түсті. Ал жас түлек А.Речинский Полиция департаментінің қолдауымен Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түскен болатын.

– Департамент атынан біз сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Жаңа жыл сіздерге жақсылығын алып келсін. Барлық армандарыңыз орындалсын. Ең бастысы дендеріңіз сау болып, ауырмаңыздар! Жақсы оқып, спортпен айналысыңыздар, оқытушыларыңызды тыңдап жүріңіздер. Қашанда қолдау, көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Әмзеев.

Балалар үйінің басшысы, педагогтар және балалар тәртіп сақшыларының құттықтаулары мен жаңа жылдық сыйлықтары үшін алғысын білдірді.

Балалар үйінде бірнеше спорт түрлері бойынша үйірмелер ашылған, тәрбиеленушілер республикалық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру